Сәрсенбі күні аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Әділет Шаймарданов Жангелдин, Ойыл ауылдық округтерінің әкімдерімен, учаскелік полиция инспекторларымен бірге аталмыш округтердегі кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Нысан иелеріне облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №1 «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын түсіндірген топ мүшелері, дүкендерде ара қашықтықтың сақталуы, тұтынушыларды медициналық бетпердесіз кіргізбеуі, антисептіктермен, залалсыздандыру кілемшелерімен (дезковрик) қамтамасыз етілу қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.
Сондай-ақ, алдағы тексеру кезінде карантиндік шараларды сақтамаған жағдайда заң шеңберінде айыппұл салынатындығын қаперге берді.
Бауыржан САҚТАСИНОВ