Жақында Атырау облысы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың жыл қорытындысына арналған жиын өтті.
Жиын барысында барлық комиссиялардың жылдық жұмысы мұқият сарапталып, дауыс беру нәтижесінде Қызылқоға ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы 103 ұпай жинап, «Үздік комиссия» атанды.
Аталмыш жиында облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев «Үздік комиссия» аталымымен аудандық комиссияның хатшысы Бақтыгүл Нұғманованы марапаттап, диплом мен гүл шоқтарын табыс етті. Айта кетейік аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев төрағалық ететін аудандық комиссия былтырғы жылы 27 отырыс өткізіп, 12 ұсынысты қараған.
Ендеше, жаңа жылды ерекше табыспен бастап жатқан аудандық комиссияның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.
Дулат БЕРІК