Ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі - бата беру дәстүрін дәріптеп, жаңғырту және кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында, аудандық «Ақ бата - асыл мұра» тақырыбында бата беру байқауы болып өтті. Батагөйлер бірінші кезеңде ел есіндегі баталар мен тарихта есімі сақталған тұлғалардың баталарын нақышына келтіре орындаса, екінші кезеңде ұлттық салт-дәстүрлердің біреуіне өзінің батасын беріп сайысқа түсті.
Нәтижесінде, Жангелдин ауылдық округі атынан қатысқан Жеңіс Сәрсенғалиев «Ақылды қария», Әміржан Қарақожин (Ойыл ауылдық округі) «Батагөй қария», Бердеш Мұханбетов (Көздіғара) «Қазыналы қария», Өтеміс Қапанов (Жамбыл), «Парасатты қария», Ахат Өскінбаев «Заманауи қария» (Сағыз), Ізбасар Бердешов (Тасшағыл), «Өнегелі қария», Сағидолла Яқып (Миялы), «Өнерлі қария» атақтарына ие болды.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА