Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада азық-түлік бағаларын бақылауға арналған мониторингтік топ құрылды

Дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов бастаған мониторинг топ Миялы ауылының дүкендерін аралады.

Аралау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының шектік бағадан асып тұрғандығын байқадық.

Оның себебін кәсіпкерлер өздері қымбатқа алғанымен түсіндірді.

66b8be53-6579-419b-b8a4-f98086803007

Мониторинг топ мүшелері алып келген тауардың ілеспе құжатын сұрағанда кәсіпкерлер бір-екі жапырақ қағазды ұсынды. Ол қағазда тауардың аты мен бағасы жазылғанымен сатқан жердің мекенжайы, мөрі, қашан сатқаны жазылмаған. Демек ол ілеспе құжатқа жатпайды. Түйін: Халық сауда орталығы мен дүкен сөресіндегі бағаға тәуелді. Өссе, бір қайыры бо[1]лар десе, бағаның арзандағанын көргенде қуанады.

Бірақ, «Бағаның өскенін көрсек те, төмендегенін көрмедік» деп тұрғындар да қынжылады. Ендеше, азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін әлі де үздіксіз жұмыстар атқарылса нұр үстіне нұр болар еді. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер ілеспе құжат деп ұялы телефонмен түсіріп жіберген суреттерді көрсетті.

b7a04f88-c690-4a87-b5c9-3e87532f0990

Аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов аудан әкімінің өкімімен мониторинг топ құрылып, азқы-түлік дүкендерін аралап жатқанын айтты.

«Көптеген дүкендерде азық-түлік бағасы көрсетілмеген. Сондай-ақ, әкелген тауардың ілеспе құжаттары толық толтырылмаған. Ілеспе құжатты сұрап отырған себебіміз – әкелген тауарды көрсетілген баға мен кәсіпкердің қазіргі сатып тұрған бағасын са[1]лыстыруымыз керек. Егер баға айырмашылығы 15 пайыздан аспаса, онда сатуға рұқсат етіледі, - дейді  Марат Әбуов.

Құрылған мониторинг топ алдағы уақытта да аптасына екі рет дүкендерді аралап, бағаны бақылап отыратын болады.

Еске сала кетелік, мониторингтік топ Қызылқоға, Жамбыл, Тасшағыл, Көздіғара, Ойыл, Жангелдин ауылдық округтеріндегі 34 азық-түлік дүкендерін аралап, түсінік жұмыстарын жүргізді.

 

Нұрсәуле Жауынбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521