Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада 10 тоннадан астам шөп өртеніп кетті

Атырау облысында ауладағы қысқа азық ретінде дайындалған 47 рулон, шамамен 10 тоннадан астам шөп түгі қалмай өртеніп кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне қарағанда, өрт 7 тамызда сағат 03:25-те болған. Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылындағы Ғ.Есенгалиев көшесіндегі екі үйдің ауласында алдағы қысқа дайындалған рулон шөп жиналған. Оның жалпы ауданы 15х8 метрді аумақты құрайды.

Жалынның салдарынан ауладағы 47 рулон түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 05:30-да оқшауланып, сағат 06:30-да толық сөндірілді «Өрт сөндіруге Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Семсер» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Жалынның салдарынан зардап шеккендер жоқ», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521