Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада 35 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді

Бұл туралы Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Нұралин мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жем-шөп қорын дайындауға аудан бойынша 125 трактор, 118 тіркеме, 113 шабу агрегат, 215 адам жұмылдырылған. Мал азығын дайындау маусымы басталғалы шаруа қожалықтары 35 аз қамтылған отбасыға 361 рулон (108,3 тн) шөппен көмек көрсетті. Ал мал азығын дайындаудан қиындық көріп отырған Жамбыл ауылдық округіне 6000 теңгеден полигон аумағынан мал азығын апару жөнінде келісіліп, алғашқы 40 рулоны тасымалдана бастады.

Сонымен қатар, шөп бағасы да тұрақтаған. Мәселен 250 келілік рулонның бағасы-6000 теңге, ал 200 келісі-5000 теңге, бір машина бос шөп-40000 теңге деп бекітілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT