Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімі Қанат Әзмұханов ауданда жүзеге асырылып жатқан «Миялы ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу» (11,079 км), және «Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы» (8,212 км), жобаларын жүзеге асырушы «Атыраукөлік» ЖШС-нің директоры Қ.Юсуповті қабылдап, оған жұмыстарын жандандыра түсуді, «Мұқыр ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» (6,0 км), және «Кенбай елді мекеніне кірме және ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» (1,568 км) жобалары бойынша жұмыстарды тез арада бастауды тапсырды.
Сонымен қатар, «Сағыз ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту» (6,8 км) және «Мұқыр ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту» (4,7 км) жобаларын жүзеге асырушы «ГСК РиМ» ЖШС-нің директоры Д.Филиповке Сағыз ауылының жолдарын шұғыл аяқтап, Мұқыр ауылының жолдарын бастауды тапсырды.