Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада қайырымды жандар оқушыларды қуантты

Ауданда «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!»  ұранымен «Мектепке жол»  республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.

Мақсат: - атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған және күнкөріс деңгейі төмен көп балалы отбасылардан шыққан, жартылай жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек қолын созу. Соған сай, барлық мектепте акция басталғаннан айлық жоспар құрып, демеушілер мен кәсіпкерлерді тарту мақсатында ақпараттық видеороликтер дайындалды. Бұл ретте, Жаңашаруа орта мектебі 19 балаға сөмке, оқу-құралдар, мектеп формасы, спорттық киімдер алып берді. Оған «Самал» мәдениет үйі, Қоныстану балалар өнер мектебі, Көздіғара ауылдық емханасы, «Қызғалдақ» балабақшасы, Көздіғара ауылдық округі, жеке кәсіпкер Жанат Мақсотұлы, Батшайы Жакупова, Ұштап Жакупова, Айтжан Балғожиева, Базарбай Жакупов, Полина Рахишова, Гүлназ Айтбаева, Шамшырақ Мырзабаева, Гүлжанат Омарова, Айымгүл Тәжіғалиевалар атсалысты.

Ал, Жангелдин ауылдық округінде «Мектепке жол» акциясы аясында Миялы орта мектебінің 8 оқушысына жеке кәсіпкерлер Рашит Бисенов, Теңелбай Досжанов, Ыбырай Уахитов, Айбек Бақтығалиев, Асхат Айтқалиев, Ербол Юнисов, Гауһар Досқалиевалар сөмке, оқу-құралдарымен табыс етсе, Қаракөл орта мектебінде «Жалғас» шаруа қожалығының төрағасы Исатай Шолақов, «Қосай» шаруа қожалығының төрағасы Еркін Қосаев, «Дәулет» шаруа қожалығының төрағасы Орынбай Дүйсалиев, «Жампоз» шаруа қожалығының төрағасы Алтынбек Жампозов, «Жігер» шаруа қожалығының төрағасы Хален Ғабдуллиндер қаржылай көмек қолын созса, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Оспан Аронов бір оқушының оқу-құралдары мен сөмкесін алып берді. Сондай-ақ, аталмыш округ мамандары бір оқушыға сөмке, оқу-құралдарымен демеушілік көрсетті. Жалпы осы оқу жылында Жамбыл ауылдық округінде барлығы 275 мың теңге көлеміндегі қаражатқа 80-ге жуық бала қамтамасыз етілді.

Сол сияқты, Тасшағыл ауылдық округі бойынша акцияға Тасшағыл орта мектебі, округ әкімшілігі, 13 шаруа қожалығы, жеке тұлғалар, «Аманат» партиясынан сөмке берілсе, аудандық кәсіподақ ұйымнан 22000, міндетті оқу қорынан 40000 теңге қаржылай көмек 53 оқушыға табыс етілді. Ал, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында 20 оқушы акция арқылы спорттық киім, сөмке, оқу-құралдары, мектеп формасы, аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Оған «Арман» мәдениет үйі, аудандық жұмыспен қамту бөлімі, жеке кәсіпкер Қайырбек Баймұратов, Ақболат Құсанов, Өтеуғали Дүйсәлі, Миялы балалар өнер мектебі, №6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, аудандық мұражай, аудандық мұрағат, «Жасұлан», «Нұр-Шуақ», «Балдырған» балабақшалары, Миялы ауылдық округі, аудандық БЖЗҚ мекемесі атсалысты. Сонымен қатар, жалпыға міндетті оқу қорынан  105 оқушыға 40 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Ал, Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп 80-ге жуық оқушы оқу-құрал, сөмке, мектеп формасымен қамтамасыз етсе, оған 30-ға тарта, бөлім-мекемелер, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар атсалысты. Бұған қоса, Б.Аманшин атындағы орта мектебі 14 оқушыға сөмке, оқу-құралдарымен демеушілік жасап, 4 оқушыға Б.Аманшин атындағы орта мектеп ұжымы қаржылай көмек көрсетті.

Тайсойған ауылдық округіндегі Ғ.Сланов атындағы орта мектебі 24 оқушыға сөмке, оқу-құралдар, спорттық киім алып берсе, оған жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, ауылдық округ әкімшілігі, Ғ.Сланов атындағы орта мектеп, Тайсойған ауылдық емханасы демеушілік жасады. Ал, Сағыз ауылдық округіндегі Сағыз орта мектебінде жалпыға міндетті оқу қорынан 81 оқушы 40 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алса, 23 оқушы сөмке және оқу-құралдарымен, Кенбай орта мектебінде 20 бала сөмке, оқу-құралдар, мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім, №9 орта мектепте  міндетті оқу қорынан – 80 оқушы 40 мың теңгеден көмек алып, 33 оқушыға сөмке, оқу-құрал, мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Акция барысында, Мұқыр орта мектебі міндетті оқу қорынан – 69 оқушыға 40 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, аталмыш мектептің 46-шы түлектері атынан 10 оқушыға оқу-құралдарымен толтырылған сөмке берілді. Сондай-ақ, «Аманат» партиясы аудандық филиалынан – 5 оқушыға, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ – 4 оқушыға сөмке, оқу-құралдары табыс етілді. Ал, №2 орта мектепте міндетті оқу қорынан – 61 оқушы 40 мың теңге қаржылай көмек алса, 14 оқушы сөмке, оқу-құралдармен қатамасыз етілді.

Осылайша, жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында аудан бойынша 1108 оқушыға міндетті оқу қорынан қаржылай көмек берілсе, 400-ге жуық бала оқу-құрал, сөмке, мектеп формасы және басқа да киімдермен қамтамасыз етілді. Әрине, акция әлі де жалғасын табатыны сөзсіз.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT