Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданының әкімі «Ералы» су торабының жаңғырту жұмыстарымен танысты

Бүгінде, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Ал, ол ауданда қалай жүзеге асуда? Міне, осы сұраққа жауап іздеген аудан әкімі Қанат Әзмұханов «Ералы» су торабына арнайы ат басын бұрып, онда жасалып жатқан жұмыстармен танысты.  

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  басшысы Ерболат Иғалидың айтуынша, «Қара су» жер асты қорынан Миялы, Жангелдин ауылдық округі, «Тайсойған» жер асты су қорынан Тайсойған, Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл, Жасқайрат ауылдары және Айдын, Бүйрек елдімекендері, «Мұздыбұлақ» жер асты су қорынан Қарабау ауылы мен Бұхар елдімекені, «Кереген» жер асты қорынан Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор ауылдарына ауызсу берілуде.

1dbeac50-7004-4de4-a0f4-a32f8d222d8c

«Ералы» су торабы – Ойыл өзені бойында көктемгі тасқын суды тиімді пайдаланып, реттеп, инженерлік  жүйедегі лимандық жерлерді суландыру мақсатында 1976 жылы салынған. Су жіберу мүмкіндігі 300 м3/сек. Миялы ауылынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. 2017 жылы су шаруашылығы нысандарын жөндеу бағытында аталмыш торап бойынша 7 дана реттеуіш шлюздерінің есіктері мен винтовой подъемниктері жаңадан ауыстырылып, оны электр желісіне қосу үшін барлығы 60 749, 0 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

2018 жылдан бастап «Ералы» су торабы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. Аудандағы жерлер «Атыраугидрогеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы зерттеліп, жеткілікті деңгейде су қорлары бар жерлер анықталып, хаттама жасалды. Осы хаттама негізінде  «Қара су» жер асты су қорының азаюына байланысты Тайсойғанның батыс аймағынан Миялы ауылына дейін 72 шақырым магистральды су құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жоба бойынша құбыр тартылып, 13 су ұңғымасы, екі ортада су айдау насосы орнатылып, су қоймалары салыну қажет. Жоба құны -  4  миллиард 715 миллион теңге. Жобаны  қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне тапсырылды. 
cfdabdc5-9f73-437d-8d9c-6dc3c59e8382

- Биылғы өр суының алдыңғы жылдардан бірнеше есе көп келуі «Ералы» су торабы шлюздерінің суды баяу өткізетіндігін анық көрсетті.  Сондықтан, шлюздерді кеңейтіп, оларды заман талабына сай қайта жасақтауды қажет етеді, - дейді «КазСушар» РМК Атырау филиалы Қызылқоға өндірістік учаскесінің бастығы Сайлаубек Темірғалиев.

Бұл ретте, аудан басшысы Қ. Әзмұханов:

"Қалай болғанда да халықты ауыз сумен қамту  басты назарда болуы керек.  «Ералы» су торабының шлюздерін жаңарту жобаларын және  Тайсойғанның батыс аймағынан Миялы ауылына дейін су құбырын тарту жұмыстарын қолға алып, оны өз дәрежесінде министрліктен қорғап шығу бағытында жұмыстар ұйымдастыру біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Осы тұрғыда, жұмыстарды тоқтатпау керекпіз. Қайткенде де, жобаны бастап, құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтауымыз қажет" деді.

 

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT