Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданының әкімі бірқатар маңызды нысандарды аралады

Аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың жұмыс барысындағы басты мақсат – ең әуелі ауданға қарасты барлық округте жасалып жатқан жұмыстармен толықтай танысып алып нақты шешім шығару. Осы ретте, аудан басшысы аудан орталығында жасалып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен Миялы ауыл ішілік жолдарының жай-жапсарына  қаныққан аудан басшысы салынып  жатқан жолдарға көңілі толатындығын, тиісті мамандарға жоспарланған уақытта жұмысты сапалы аяқтау керектігін, басқа округтерде жол құрылысын салушылар Миялы ауыл ішілік жолдарын салушылардан үлгі алу қажеттігін  ескертті. Одан әрі Ұлы Отан соғысының ардагері Аққұл Сарбөпе атындағы «Жеңіс» саябағын аралап шыққан аудан әкімі тиісті мекеме басшылары мен округ әкіміне  саябақтың ішін ретке келтіріп, артық шөптерін уақытылы қырып, тазалық жұмыстарына өте мән беру қажеттігін тапсырды.

a924d668-229b-4959-9d33-8572c00223d2

Жаңадан мәдениет үйін салу қажет

Несін жасырайық, ауданның бірден-бір мәдениеті мен рухани ордасы болып саналатын,алаш қайраткері, әмбебап ғалым Х.Досмұхамедов, дүлдүл күйші Есбай Балаұстаұлы, Ғалым Қойшыбаев, атақты ақын Ығылман Шөрекұлы, Зәкария Сағындықұлы, жазушы Ғабдол Сланов, академик Зейнолла Қабдолов, Салық Зиманов сынды тарихи тұлғалары, облыс, республикаға белгілі жезтаңдай әнші, майталман мәдениет қайраткерлері бар аудандағы

«Арман» мәдениет үйінің ескілігі көңілге кірбің ұялатып жүргені анық. Пайдалануға берілгеніне 50 жылдан астам уақыт болған бұл ғимаратқа қанша күрделі жөндеу жұмыстарын  жасаса да сырттан қарағанда-ақ заман талабына сай еместігі анық байқалады.

- Әрине, қанша сылап сипаса да ескінің аты ескі ғой. Аудан орталығы болғаннан соң, заман талабына сай жабдықталған жаңадан мәдениет үйі  болғаны дұрыс. Сондықтан, тұрғындарға қолайлы жерден замануи үлгіде мәдениет үйін салуды ойластырып, қолға алған жөн. Егер бұл мәселе шешімін тапқан жағдайда аталмыш мәдениет үйінің ескі ғимаратын Өнер мектебіне беруге болды, - деді аудан басшысы.

cbbb7c37-62f9-48a9-8a0b-af910f430c3f

Жаңа рентген аппараты керек

Бұдан соң, аудандық орталық аурухана жұмысымен танысқан аудан басшысы ғимаратқа кірген бойда аурухана басшылығына: «Ішке кірген бойда анық байқалады, ғимараттың іші қара көлеңкеленіп тұр. Бұл көзі нашар көретіндер өз алдына былайғы жұртқа да әсер етеді. Аурухананың іші жап-жарық болып тұруы тиіс. Сондықтан, жарық шамдарыңызды дұрыстауды тапсырамын» деген ескерту берді. Әрі қарай аурухана ішімен танысуға көшкен аудан әкіміне дәрігер-рентгенолог, фтизиатор Нәби Бисенғалиев:

«Тұрғындарды толықтай флюрографиялық тексерістен өткізу үшін арнайы рентген  аппарат алуы қажет. Қазіргі таңда, бұрынғы рентген аппарат істен шығып тұр. Жөндеуге келмейді. Сағыз ауылында жаңадан рентген аппараты келіп тұр. Алайда, оған маман тапшы. Осы мәселелердің шешілу жолдарын қарастырсаңыз игі» деген ұсынысын айтты. Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мәдина Қанатқалиеваның  айтуынша, Мұқыр, Сағыз, Тайсойған ауылдық округтеріне «Жедел жәрдем»  автокөлігі керек. Себебі, қазіргі демеушілікпен берілген автокөліктердің жатып бару жағдайы қарастырылмаған. Бұған қоса, ауданға «компьютерлік томаграфия» аппараты керек.

Аудан басшысы бұл мәселелердің шешілу жолдарын қарастыратындығын мәлімдеді.  Одан әрі  аудан басшысы  орталық стадион, Миялы ауылындағы 276 жер теліміне жүргізіліп жатқан инженерлік-инфрақұрылым, жаңадан салынып жатқан спорт алаңы құрылыстарымен бірге, аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимараты, Ойыл өзенінің қазіргі жағдайы және Миялы ауылының абаттандыру жұмыстарымен танысып, тиісті бөлім басшыларына құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы бітіріп, жаңа полиция ғимаратының құжаттарын реттестіруді, жырылған асфальттің биыл жасап бітіру жұмыстары неге кешеуілдеп жатқандығын анықтауды тапсырды.

 

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT