Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудандарда салынып жатқан жолдарының сапасы тексерілді

Жол құрылысы маусымы басталғалы бері «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» Республикалық кәсіпорнының Атырау облыстық филиалы өкілдері аудандарда салынып жатқан жолдарға тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Биыл облыста аудандық деңгейдегі 29 нысанда жол салынуы тиіс.

 "Шілде-тамыз айларында инженерлер жол құрылысы жұмыстары басталған 22 нысанды 8 рет тексеруге шығып, 7 ақау анықтады. Оның 5-і өрескел дейді», - «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ инженері Нұрлан Жантурин.

Ал, жол құрылысына қажетті материалдардан алынған 47 сынама филиал зертханасында тексерілген. Нәтижесінде 20 сынаманың ҚР стандарттарына сәйкес еместігі анықталыпты. Бұл ақаулар мен кемшіліктерді жою туралы тапсырыс беруші мен мердігер мекеме өкілдеріне хаттама жіберілген.

Нұрлан Жантуриннің айтуынша, қазіргі уақытта облыстық және аудандық маңыздағы қайта жаңғыртылып және жөнделіп жатқан жолдардың 338 шақырымы тексерілген. Бүгінде 80 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары және 45 шақырымдық "Ақкөл – Қызылоба - 4-разъезд - Қиғаш" жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT