Биылғы «Балалар жылына» орай салауатты өмір салтын насихаттап, тоғызқұмалақ ойынын дамыту мақсатында аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Б. Аманшин атындағы орта мектепте оқушылар арасында тоғызқұмалақтан аудандық турнир өтті.
Шараға санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр мектептен 8, 10, 12 жастағы ұлдар мен қыздар қатынасты. Нәтижесінде, 10 жас ерекшелігі бойынша І орынды Нұрсәт Өтеген (Қарабау орта мектебі) мен Ақгүл Үсен (Миялы орта мектебі), ІІ орынды Ернұр Еламан (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі) мен Сезім Сырымбетқызы (Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиясы), ІІІ орынды Мирас Бітімғали (Қаракөл орта мектебі) мен Айым Александр (Миялы орта мектебі) иеленді. Ал, 12 жас ерекшелігі бойынша І орынды Аманбек Дулатұлы (Миялы орта мектебі) мен Алтынай Ерсін (Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиясы), ІІ орынды Серікбай Бекет (Қаракөл орта мектебі) пен Гүлзар Жәрдем (Миялы орта мектебі), ІІІ орынды Жәлитбек Бердібек (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі) пен Қымбат Бернияз (Қаракөл орта мектебі) иемденді.
Шара соңында қатысушылар аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің диплом, Алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Әйгерім ШАЯХМЕТОВА