Алғыс айту күніне орай аудан прокуроры Досбол Бағытжанов пен аудан прокурорының орынбасары Ғарифолла Қосымбаев Миялы ауылында тұратын тыл ардагері, 99 жастағы Ұлжан Темірболатова мен ұлағатты ұстаз , 90 жастағы Темір Бермағанбетовтің үйіне барып айтулы мерекемен құттықтады.
– Мейірімділік пен ризашылыққа толы бүгінгі алғыс айту күні бейбіт заман үшін батырлық пен еңбекқорлықты ту етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқандарыңыз үшін сіздерге ұжым атынан алғыс айтамын, - деген аудан прокуроры Досбол Бағытжанов қарияларға гүл шоқтарын ұсынды.
Өз кезегінде тыл ардагерлері қарттарын қадірлеп, алғысын білдіре келген прокуратура ұжымына рахметін айтып, баталарын берді.
Өз тілшіміз