«Нұр-Шуақ» бөбекжай бала бақшасында «Ботақан» тобының тәрбиешілері Қатира Мұқанғалиева, Әльфия Керееваның ұйымдастыруымен осындай тақырыпта ертеңгілік өтті.
Шара «Құтттықтаймын анашым» атты «Көктем аруының» ән айтуымен басталып, бүлдіршіндер «Көктем мезгілінде неше ай бар?» деген сұраққа жауап берді. Одан соң, бүлдіршіндер топ болып «Әжемнің шайы» әнін орындаса, кішкентай қыздар «Сүйкімді қуыршақтар», ұлдар «Джентельмендер» биімен көрерменді тәнті етті. Сондай-ақ, «Шаштараз» ойыны ойнатылып, бүлдіршіндердің көңілі бір серпіліп, тарқасты.
Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ