Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН КҮН»

Осындай тақырыпта «Нұр-Шуақ» бөбекжай бала бақшасында ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастыруымен шара өтті. Ондағы мақсат - еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш етіп, балаларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға -  апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Елін, жерін сүюге,Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.

Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, аталмыш топ тәрбиешісі Айымгүл Бержан балаларға тақырып аясында сұрақтар қойды. Сондай-ақ, желтоқсан оқиғасы туралы мәлімет беріліп, жұмбақ жасырылса, балалар жақсы лебіздерін айта отырып, Қазақстан ғимараттарының  бейнесін құрастырды. Шара соңында, «Қазақстаным Отаным» әнін топ бүлдіршіндері тамылжыта шырқады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT