Бүгін «Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтіп, ойыншылар айналмалы жүйе арқылы кезектерін анықтады.
– Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу,- дейді ойынға төреші болған Шынар Күздеубаева.
Ойынға қатысушы жастар өзінің ойнау шеберлігі мен шапшаң ойлау қабілетімен сынға түсіп, тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде, Айсана Оразай І орынды жеңіп алса, Гүлсерік Теңелбай ІІ орынды, Гүлжанат Бағдат ІІІ орынды иемденді. Жеңімпаздарды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев марапаттап, жүлделерімен құттықтады.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленеді