Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Халықтың үміті мен арманын іске асыру

«Nur Otan» партиясының Атырау облыстық сайлауалды штабының мүшелері сайлаушылармен кездесуді жалғастыруда.

Бірқатары аудандарды аралап тұрғындармен кездессе, бірі мекеме-ұжымдармен онлайн-кездесуді ұйымдастырды. Бұл ретте, облыстық сайлауалды штабының мүшесі Сайын Қуанышев «ҚайнарМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасы ұжымымен онлайн-кездесу өткізді. Онда ол 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы сайлау туралы айтып, «Nur Otan» партиясының бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.

– Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Бағдарламаның негізгі мақсаты – «Nur Otan» партиясы үшін алдымен қарапайым халықтың үміті мен арманын іске асыру. Халықтың арманының орындалуына үлес қосу үшін Сіздерді 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді облыстық сайлауалды штабының мүшесі Сайын Қуанышев.

Өз кезегінде қайнарлық мұнайшылар пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT