Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында мемлекеттік қызметте меритократиямен өсу үш есе артты

«Бұл туралы облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мәлімдеді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Мемлекеттік қызметтегі меритократия - уақыт талабы. Бұл қағида қашанда мемлекеттік органдарға қабылдану негізі болып қалады және лайықты кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Меритократия принциптерін нығайту сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюға, мемлекеттік қызметке тек сауатты, білікті кадрлардың өтуіне ықпал жасайды»,- деді Әдеп жөніндегі уәкіл Фарида Ахметова.

Арнайы талдау көрсеткендей, 2019 жылы Атырау облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарында ішкі конкурс арқылы 9 мемлекеттік қызметшінің лауазымы өскен. Ал 2020 жылы 33 мемлекеттік қызметші меритократия қағидатымен жоғарылаған.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың меритократия қағидаларын сақтауға қатысты түсіндіру-профилактикалық жұмыстарын жүргізіп, оның орындалуына қатысты тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT