Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде: «Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.
Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық» деген болатын. Расында солай. Бұл ретте, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған тетіктерді әзірлеу бойынша ұйымдастырушылық іс шаралары (Жол картасы) жоспарының 12 тармағын орындау және алдағы жылы бюджет атқару кезінде Қазынашылық клиент ақпараттық жүйесінде қызмет көрсетілетін жергілікті, ауылдық округ және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер өздерінің пайдаланушыларын биометриялық сәйкестендіру үшін арнайы құралдармен қамтамасыз ету қажет. Яғни, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен есепшілерінің дербес компьютерлерінде веб камера болуы тиіс. «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер үшін досье (құжаттар жинағы) қалыптастырылмайды. Демек, бұл да бір сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, болдырмау мақсатында жасалып жатқан қадам екендігі сөзсіз.
Бекжан ҚОЖАҒҰЛОВ,
аудандық Қазынашылық басқармасы
басшысының орынбасары



