Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАСШАҒЫЛДАҒЫ Т АҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Тасшағыл ауылындағы Наурыз той жаңадан салынған М. Өтемісұлы атындағы мәдениет үйінің алдында атап өтілді.

Шара барысында, округ әкімі Гүлшара Ізімова тұрғындарды мерекемен құттықтаған соң мәдениет үйінің ұжымы дәстүрлі құндылықтарды насихаттайтын театрландырылған көрініс пен мерекелік бағдарламаны халық назарына ұсынды.

Бұдан бөлек, округке қарасты мекемелер «Ұйқы ашар», «Түйе мұрындық», «Көгентүп», «Жиенқұрық» көріністерін көрсетті. Сонымен қатар, шара барысында тұрғындар қой көтеру, арқан тартыс, әйелдер арасындағы қол күрес сайыстарына қатысып, жеңімпаз- жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521