Еліміздің дамуының негізгі драйвері – кәсіпкерлік саласы. Бұл ретте, биыл аудан бойынша 51 кәсіпкер 58 миллионға жуық теңге несие алып, кәсіптерін дамытуда.
Өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкер саны 192-ге артты. Соның бірі – Миялы ауылынан ашылған «Жайық» шағынмаркеті. Нысан иесі кәсіпкер Роза Имашева биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалынан 5 миллион теңге несие алған.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев пен кәсіпкер Роза Имашева сөз сөйлесе, Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов пен ауданның Құрметті азаматы Қайырғали Базарбаев шағынмаркеттің лентасын қиды. Сөйтіп, аталмыш шағынмаркет халыққа қызмет көрсетуін бастады.
Бауыржан ОҚАСҰЛЫ