Бүгінде, Ойыл өзенінің арнасынан толып ағуы барша тұрғынның назарын аударып, су тасқынының қаншалықты қауіпті екендігін білгісі келетіні жасырын емес. Бұл Қызылқоға ауданының әкімдігі өр суының ауылдарға кіріп кетпеуін жіті бақылап, қауіпті сейілту мақсатында Ойыл өзенінің бойында орналасқан округтерде ауқымды жұмыстар атқаруда.
Бұл ретте, округтерде соңғы жасалған жұмыстарға тоқтала кеткен артық болмас.
Жангелдинде қауіп жоқ
Айталық, Жангелдин ауылында 4000 қапшық құм толтырылып, ауылда айнала бөгет соғылды. Қазіргі таңда, ауылд 1 трактор жұмыс жасайды. Арнайы кезекшілік қойылған. «Ақтай» қыстағына бөгет соғылып, тасқын судың алдын алуға 3 погрузщик жұмылдырылды. Яғни, су басу қаупі жоқ.
Судан қорғау жұмыстары қарқынды
Ал, Ойыл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы мен Дәулетиман елді мекеніне бөгет соғылып, мықтап бекітілді. Аққора елдімекенін судан қорғау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Миялы ауылының еріктілерінен 20 адам 1000 қапшық, құрал-саймандарымен қайықпен жеткізіліп, ауыл айналасындағы бөгеттердің су кіру қаупі бар аймақтарына қапшықтармен құм төсеп, бекіту жұмыстарын жүргізді. 23 наурыз күні қосымша 13 ерікті 1600 қапшықпен жіберілді. Оған қосымша Жасқайрат, Қоныстану ауылдарынан еріктілер жұмылдырылды. 24 наурыз күні 22 еріктімен қатар, кәсіпкерлер тарапынан демеушілікпен азық-түлік жіберілді. "К-700" тракторы Тайсойған ауылы арқылы жіберіліп, бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде. Миялы-Қарабау тас жолының Жасқайрат ауылынан 1,5 шақырым жердегі бойынан су өтіп кету қаупі туындап, қауіптің алдын алуға 3 трактор, тіркемесімен, 1 погрузщик, 50 ерікті жұмылдырылды. 800 метр жолдың бойына 300 қапшық құм төселіп, тракторлармен топырақ төгіліп, бекітілді. Ауылда 2 тіркемесі бар трактор, 1 погрузщик бар (жекеменшікте). Екі мыңнан астам қапшық пайдаланылды. Кезекшілік қойылып, қатаң бақылауда ұстап отыр.
Бес жүз қапшыққа құм толтырылды
Қазіргі таңда, Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану ауылына 5 километр, Қосқұлақ елді мекеніне 2,5 километр бөгет соғылды. Округте 1 погрузщик, 2 трактор бар. Бөгеттерді бекітуге бес жүздей қапшық пайдаланылды.
Уақытша өткел салынды
Қызылқоға ауылдық округінің орталығы Қарабау ауылында 5 киломер бөгет соғылды. Ауылда 2 погрузщик, 1 трактор бар. Ал, Тасшағыл ауылының шетіне 450 метр, Қоныстану елді мекеніне 1,2 километр, Қоғам елді мекеніне 500 метр бөгет соғылып, 4 трактор жұмылдырылды. Қоғам елді мекенін су қоршаған жағдайда, қатынас үшін астына тұрба төсеп, уақытша өткел салынды.
Құм толтырылған мың қапшық дайын
Жамбыл ауылдық округінде ағын су өз арнасымен ағып жатыр. Тайсойған ауылдық округінде 3,5 километр бөгет бекітіліп, 50 ерікті жұмылдырылды. 700 қапшық құм төселді. 2 МТЗ трактор мен 1 К-700 техникасы тартылған. 1000 құм толтырылған қапшық сақтаулы Округте 1 трактор мен қожалықтың 1 погрузщигі бар. Олар тас түйін дайын.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ