Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қызылқоға ауданына арнайы келген Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұртаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Н.Жаңабаев, аудан әкімі Қ.Әзмұхановпен бірге ​ су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысып, «Жер Су»​ шаруа қожалығына қарасты «Әндір» қыстағындағы қойларды шығару қызметін көздерімен көрді.

Одан соң, су қоршауында қалған Аққора елді мекенінде болды. Онда бір "К-700" тракторы мен Миялы ауылынан барған мекеме қызметкерлерінен құралған еріктілер, Ойыл, Жангелдин ауылдық округтерінің жастары жұмыс жасауда. Құтқарушыларға қажетті құрал-жабдықтар мен Миялы ауылындағы кәсіпкерлердің қолдауымен азық-түлік жеткізілуде. Жол қатынасы болмағандықтан құтқарушылар, барлық қажетті заттар, азық-түліктер қайықпен жеткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз