Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бағытбек Төлегеновтың мәлімдеуінше, Қоныстану ауылында бөгеттерді биіктету жұмыстар түнгі мезгілде де жалғасуда.
Оған жергілікті еріктілерден бөлек облыстық төтенше жағдайлар департаментінен келген 50 құтқарушы ат салысуда.
Сондай-ақ, АИС компаниясы мен Тасшағыл ауылынан келген техникалар да үздіксіз құм тасу, бөгет биіктету жұмыстарын жасауда. Қазіргі сәтте су деңгейі 75 сантиметр. Яғни, бір қалыпты ұстап тұр. Жұмыстар түнгі уақытқа қарамай жалғаса бермек.