Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Соркөлге интернет желісі қондырылды

Ғаламтор байланысы адам өмірінде маңызды орын алатын қажеттілікке айналды.

Соңғы кезде ауданда ғаламтор қондыруға деген сұраныс арта түсті. Ал, шалғайдағы елді мекендердің кең жолақты интернет байланысына қосылуы өзекті мәселенің бірі болатын. Елді қолжетімді байланыспен қамту үшін орасан жұмыс істелуде. Соның бір айғағы жақындаСоркөл елді мекенінде 6 үй жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды. Жалпы, Соркөл елді мекенінде 23 үй болса, оның бүгінде 11-і ғаламтор желісіне қосылған.

     Аудандық желілік техникалық учаске басшысы Ақылбек Тәжіғұлдың айтуынша, Соркөл елді мекенінде мобильді сет ұстамайды. Сол себепті алға қарай қалған үйлерді ғаламторға қосу мүмкіндігі бар. Жалпы, аудан бойынша ғаламтор желісіне қосылуға сұраныс көп болғанмен, үйге интернет қосуға техникалық мүмкіндік жоқ.

- Үйімізге ғаламтор желісі қосылып қуанып, мәз болдық. Себебі ауылда сет ұстамайды. Үй телефонына интернет қосылып, балалар да қолдарына телефондарын ұстап мәз. Осындай шалғайдағы елді мекенге ғаламтор желісін жүргізіп берген, аудандық желілік техникалық учаске мамандарына алғысымыз зор, - дейді Соркөл елдімекенінің тұрғыны Тұрлан Сағынов.

     Иә, қазіргі дамыған заманда кім-кімнің де ғаламтор желісін пайдаланғысы келетіні анық.

 

Кәмшат ӘБІШ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT