Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСЫ КӨП

Бүгінгі күні еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық.

Мамандығы барлар да, жоқтар да жұмыс таба алмағандықтан жұмыспен қамту орталығына тіркеледі. Бұл ретте, нәтижелі жұмыспен қамту және жап пай кәсіпкерлікті дамыту үшін және басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылуда. Ал, олардың қандай дәрежеде орындалып жатқанын білу мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Бекешовпен сұхбаттасқанды жөн көрдік.

– Нұрлан Мұратұлы, жұмыссыздықты азайту мақсатында қандай мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда?

  – Өткен жылға дейін нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ая сында жоспарлы түрде жұмыс жасаған едік. Енді биылғы жылдың ақпан айынан бастап жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба күшіне енді. Осы қабылданған ұлттық жоба арқылы кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстар қолға алынды.

– Жоба аясында қандай жұмыс орындары ұйымдастырылуда?

  – Жобада әлеуметтік жұмыс орындарын, ақылы негіздегі қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыру бар. Мәселен, жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі. Алдымен әлеуметтік жұмыс орындарына тоқталсам, бөлінген қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 20 пайызынан аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың жалақысының 35 пайызын мемлекет субсидиялайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды. Бұл мақсатқа қазір бюджеттен 16 605.0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 46 адам кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында жұмысқа кірісті. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 20 пайызынан аспайды. Бұрын жастар тәжірибесінің мерзімі 6 ай болса, қазіргі қолданыстағы қағида бойынша 12 айға дейін ұзартылды. Жастар тәжірибиесін меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған жұмыссыз жастар қатынаса алады. Жалақының бір айдағы мөлшері – 91 890 теңге. Бұл бағытта аудан бой ынша 75 жасты жастар тәжірибесіне тарту жоспарланса, 18 жас мекемелерде мамандықтары бойынша жұмыс жасауда. Шілде айында арнаулы немесе жоғары оқу орындарын бітіріп келген жас мамандарды тарту жоспарлануда. Ал, қоғамдық жұмыстарды ұйымдас тыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 40 пайызынан аспайды. Ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды. Жалақысы – 61 260 теңге. Бүгінгі таңда аудан бойынша 408 жұмыссыз адам ақылы негізде қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жоғарыда айтылған жұмыспен қамту шараларына қатысып жатқан жұмыссыздар еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жағдайда жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап 3 ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.

– Кәсіпкерлікті дамыту бағытында қандай жобалар бар?

  – Жалпы жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Осы ретте, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобалары жүзеге асырылмақшы. Мәселен, «Алғашқы жұмыс орны» жо басына жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатысады. Қатысу мерзімі 18 айдан аспайды. Осы мерзім ішінде жалақыны мемлекет төлейді. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жобаға қатысушыны кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға міндетті. Ал, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жасқа толмаған білім беру ұйымдарының түлектері 6 ай мерзімге қатыса алады. Бұл жерде жіберілген мекемеде жоба қатысушысына зейнеткерлік жасқа жетуге 6 ай қалған тәлімгер тағайындалады. Жоба мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстырады. Оқу орындарының түлектері үшін «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған мамандығы бойынша құрылады және айлық төленетін жалақылары – 91 890 теңге. «Күміс жас» жобасына келетін болсақ, қатысу мерзімі 12 айдан аспайтын бұл жоба зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдарға арналған. «Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақы мөлшерінің 50 пайызын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Яғни, жұмыс беруші белгілеген жалақының 50 пайызын мемлекет, ал қалған 50 пайызын жұмыс беруші төлейді. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

– Жұмыссыздарды қайта оқыту, даярлау ұлттық жобада қарастырылған ба?

  – Әрине, ұлттық жобада жұмыссыз дарды қысқа мерзімді оқыту қарастырылған. Бұрынғы заң бойынша кез-келген мамандық алуға оқығысы келетін жұмыссызды оқытып келдік. Биылғы жылдан бастап жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдас тырылады. Яғни қажетті мамандыққа сұраныс беруіне орай жұмыс берушіге жұмыссызды мемлекет оқытып маман етіп, дайындап береді. Атырау қаласында орналасқан оқу орталықтарында оқу мерзімі 6 айға дейін. Оқу шығынының барлығы мемлекет есебінен төленеді. Бүгінгі күні бұл мақсатқа бюджеттен 8822.0 мың теңге бөлініп отыр.

– Кәсібін ашуға ниеті бар жұмыссыздарға мемлекет тарапынан қаржылай көмек беріле ме?

– Мемлекет бұл жағдайды да кеңінен қарастырды. Яғни, кәсіп ашамын деп ни еттенген жұмыссыздар қайтарымсыз мемлекеттік грант ала алады. Бұрын мемлекеттік гранттың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 200 еселенгені болса, биылғы жылдан бастап 400 есеге дейін өсті, яғни 1225,2 мың теңге болды. Гранттың негізгі мақсаты – еңбек құралдарын, технологиялық жабдық тарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді, коммерциялық жылжымай тын мүлік объектілерін, сондай-ақ сауда объектілерін, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлікпен басқару болып табылады. Бұл орайда, аз қамтылған отбасы мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алу шылар, көпбалалы отбасы мүшелері, 29 жасқа дейінгі жастар, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар, қандастар және оралмандар мемлекеттік грантты алуға үміткер бола алады. Ол үшін өтініш, жеке куәлігі, бизнес жоспары қажет. Өтініш беруші кемінде 1 жыл тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуы тиіс. Егер жоғарыдағы аталған категориялы ниет білдіруші жұмыссыз адамдар болса, өз округтеріне немесе жұмыспен қамту орталығына келіп толық мәлімет ала алады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан, Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT