Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САМАТ ТАЙШЫБАЙҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында актив жиыны өтіп, онда сөз алған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев 20 жылға жуық аудандық орталық аурухананы басқарып, зейнеткерлік демалысқа шыққан Самат Тайшыбайға ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Бұдан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин мен аудандық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов Самат Тайшыбайдың ұзақ жылғы жұмысына оң бағаларын беріп, зейнеткерлік жасқа шығуымен құттықтады. Өз кезегінде сөз алған Самат Сәрсенұлы еңбек еткен жылдарынан естеліктер айтып, бірге жұмыс жасаған аудан басшылығы мен әріптестеріне өз алғысын білдірді.

Жиын соңында аудан әкімі аурухананың жаңа директоры Айнұр Тілемісованы аудан активіне таныстырып, ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз