Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЕН КӨРІКТІ

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев оқырмандармен кездесу өткізді.

Жиынға мекеме және бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, газеттің штаттан тыс тілшілері, ардагерлер қатынасты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев ашып, баспасөзге жазылу науқаны ауданда жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқандығын тілге тиек етті.

fdf8f106-f1f8-486c-a605-d8ee00b5c16c

- Ауданға келген себебіміз, жылдағы дәстүр бойынша оқырмандармен ашық сұхбат өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Өйткені, газет тірегі – оқырман. Қоғамдық көзқарастың қалыптасуындағы газеттің рөлі зор. Интернет үстемдік құрған заманда газеттің болашағы жоқ дегенді де естиміз. Бірақ, газет көтерген мәселенің шешілмей қалған күні жоқ. Газет бетінде жарияланған әр қызықты мақалаға тақырып ұсынатын халықтың өзі. Халықтың тағдырына бей-жай қарамаған газет арқылы айтулы мәселелер көтерілді, өңір өмірі – осы газет беттерінде жарияланады. Газет ол – тарих. Газеттерге шығатын әр ақпарат түрлендіріп емес, оқырманына нақты дерек көзімен сараланып, жан-жақты зерттеліп барып жарияланады. Әр шыққан санын жинап, керек уақытында оқи аласың. Газеттерде қандай мәселе шықпай жүр, қандай ұсыныс-пікірлеріңіз бар, тыңдауға әзірміз. Бәрі сараланып, алдағы уақытта назарда болады, - деді «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Исатай Құндызбайұлы.

Бұдан соң, оқырмандарға сөз кезегі берілді. Алдымен сөз алған Миялы ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұқанбетов:

«Жыл сайын облыстық «Атырау», аудандық «Қызылқоға» газеттерін үзбей жаздырып алып оқимыз. Қазіргі жастардың газет оқымайтындығы көңілге кірбің ұялатады. Сондықтан, оларды тарту үшін жастар үлгі-өнеге алатын мақалаларды жиі жариялағаны дұрыс» деген ойын айтса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин, тарих, оқиға ізімен атты айдарларды жандандыру қажет екендігін алға тартты. Ал, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің директоры Гүлшара Сары:

- Жыл сайынғы газеттерге жазылу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда, газетті оқитын аға буын өкілдері. Жастардың газет оқуға құлшынысы жоқ. Оқушыларды әдеби шығармаға баулу қиын. Себебі әлеуметтік желілерге сүйеніп, керегін интернет арқылы іздейді. Телефонға телмірген жас буын өкілдерін газетке тарту үшін үлкен өзгеріс керек. Соған өздеріңіз ойластырып жаңа айдарлар ашсаңыздар жақсы болар еді, - деді.

Ал, «Нұршуақ» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Бағытжамал Жұмабаева жарнама мәселесі жөнінде ұсынысын жеткізді.

- Өйткені, газетке құттықтау, көңіл айту берейін десек, қымбат. Кейде қалтамыз көтермей жатады. Жарнаманы оқырманға қолжетімді бағада қылса игі, - дейді ол.

7c44d0f3-3ffe-418d-92d8-9259c6d97bec

bd4d0fc2-ac1c-48fb-9ff0-dd0bf196ed14

Кездесу соңында белсенді оқырмандар мен газет жанашырлары, штаттан тыс тілшілер Орынғали Досанұлы, Сайран Орақова, Қалидолла Ізекенов, Қаракөл пошта байланыс бөлімшесінің қызметкері Гүлайым Ерғазиеваларға «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT