Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСТЕР – АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІІ сессиясы өтті.

Оған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессия жұмысы басталмастан бұрын аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев пен аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов аудандық мәслихаттың кезекті V сессиясының №5-3 шешімімен ауданымыздың әлеуметтік және мәдени дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы атағы берілген Марат Әбдуәлі, Аманбай Қыздарбаев, Назарбек Қосшиевтерге Құрметті азаматтың төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.

Бұдан кейін, сессия отырысына төрағалық еткен мәслихат депутаты Альберт Аққайнанов жиынның күн тәртібімен таныстырған соң аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева Қызылқоға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №LХІІІ-1 «2020-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама жасап, 2021 жылға кірістер – 10 205 062 мың теңге, трансферттердің түсімдері – 8 763 987 мың теңге, шығындар – 10 460 091 мың теңге болып бекітілуін ұсынды. Хабарламамен танысқан мәслихат депутаттары аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан қолдады.

 

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT