Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Салғырттық індет қаупін күшейтеді

Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы күн өткен сайын көбейіп келеді.

Пандемияның таралуының алдын алу мақсатында облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің карантиндік шараларды күшейту бағытында қаулысы қабылданған болатын.

Аталмыш қаулының маңыздылығын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев бастаған мобильді топ Миялы ауылындағы азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық бұйымдар дүкендерін, шаштараздарды аралады. Індеттің қауіптілігін сезінген бірқатар кәсіпкерлік нысан иелері дүкендеріне залалсыздандыру кілемше (дезковрик) төсеп, қолжетімді жерге антисептик қойып, келген адамдарды медициналық бетперде талап етуде.

Алайда, кейбір дүкендер иелері залалсыздандыру кілемшелері болса да төсемей, антисептиктерін тасаға қойған.

Осындай олқылықтарды байқаған аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев:

– Індет қауіптілігі күшейе түсуде. Қабылданған қаулы адам денсаулығына төнген қауіптің алдын алуға бағытталып отыр. Сондықтан, салғырттыққа салынбай мүмкіндігінше қаулыда көрсетілген санитарлық талаптарды сақтаған жөн, - деді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT