Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

SAILAU-2021: МӘСЛИХАТ МАНДАТТАРЫНЫҢ 80% АСТАМЫ NUR OTAN ПАРТИЯСЫНА ТИЕСІЛІ

Еліміздің барлық аудандарында, қалалары мен облыстарында жаңа шақырылымдағы мәслихаттардың бірінші сессиялары өтті.

Nur Otan партиясы барлық деңгейдегі өкілді органдардың басым бөлігін қалыптастырып, мәслихаттағы мандаттардың жалпы санының орташа алғанда 80%-тен астамын құрады. Бұл жайында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

- Біздің фракцияларымыз сайлау қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі өкілді органдардың басым бөлігін қалыптастырып, мандаттардың жалпы санының орташа алғанда 80%-тен астамын құрады. Партиямыздың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті. Сонымен, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламаларының негізінде 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасы бекітілді.Біздің сайлауалды басымдықтарымыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарымен жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды. Тек праймериз барысында ғана біз азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жинадық. Бұдан бөлек үгіт-насихат кездесулері кезеңінде тағы 42 мыңнан аса аманат түсті. Олардың 65%-тен астамы аймақтық бағдарламаларды бекіту кезінде ескерілді, - деді Бауыржан Байбек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT