Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мекемелерге "Бәйтерек" кітабы табысталды

Жақында аудан орталығы Миялы ауылындағы орта мектептер мен мұражай, кітапханаларды аралаған «Құныскерей-125» қоғамдық ұйым тобының аудандағы жетекшісі Құмар Хасанов «Бәйтерек» кітабының екінші, үшінші томдарын сыйға тартты.

Бұл кітапты өмірге әкелген Марат Жұмағұлов. 1967 жылы Көздіғара ауылында дүниеге келген ол 1991 жылы КазПидің «Тарих қоғамтану, және құқық» мамандығын үздік бітірген. Бір қарағанда «Бәйтерек» кітабы тек ысық руының шежіресі тәрізді көрінеді. Әйтсе де, бұл кітап бір рулы ел арқылы Батыс өңірінің тарихын қамтыған құнды дүние. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі шежіре, екіншісі «Ел ардақтыларына» арналған. Онда автор Қызылқоға жерінінің топырағында дүниеге келген бүкіл елге танымал тарихи адамдар туралы мол мағлұмат берген. Әсіресе, Қызылқоға ауданын мекендеген батырлар, билері, әулие-әмбиелер: Сұлтануайс, Мәтен, Оңай ата, Дауылбай, Исатай, Махамбет, Қалдыбай, Қабыланбай, Қалдыбайдың қызы Ғайнижамал, Құныскерей тағы да басқа деректері оқырмандарды баурап алады.

- Бір айта кетерлігі – «Бәйтерек» кітабының үшінші томына енгізілген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиевтың «Біз білмейтін Бәйсеу» атты зерттеу мақаласына (Кітапқа енбей тұрып бұл материал «Қызылқоға» газетінде жарияланған еді Қ.Х.) «Бәйсеу төбедегі қорым неге Бәйсеу атымен аталады?» деп реніш білдіруде. Дұрысында, Бәйсеу аты қорымның емес сол төбеге жылма–жыл Ойыл өзенінің тасқыны кезінде бас сауғалауды ұйымдастырған сол кездегі белсенді, халық жанашыры Текебайұлы Бәйсеудің атымен аталған деп түсінуі тиіс. Болашақта «Бәйтерек» кітабының екінші томы барлық аудан мектептеріне таратылатын болады. Ол кітапты мектеп басшылары аудандық әдістемелік орталығынан ала алады, - дейді «Құныскерей-125» қоғамдық ұйым тобының аудандағы жетекшісі Құмар Хасанов.

Б.ІЗБАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT