Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сұраныс жоғары...

Бұл кәсіппен үш жылдан бері айналысып келемін. Салық басқармасына патент алып тіркеліп ауыл арасындағы жолаушыларға қызмет көрсетемін.

Кәсіпті бастау үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан көлік алу үшін несие алдым. Тапқан табысымның көрсетілген мөлшерінде салығын төлеп, заңдылық бойынша жұмыс жасап жүрмін. Салық есептерін тапсыруда біраз жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпті бастамас бұрын кәсіпкерлік саласы бойынша бір айлық курстан өттім. Мұның да пайдасы көп.

Такси қызметіне халық сұранысы жоғары. Жұмысым таңертеңгі сағат 8:00-де басталып кешкі 20:00-ге дейін. Кейде тіпті түскі ас ішуге уақыт болмай жатады. Тұрақты тұтынушылар ұялы телефоныма соғып, шақырту береді. Уақыттан кешікпеуге, діттеген жеріне тез жеткізуге тырысамын. Біздің басты мақсатымызда осы. Күнделікті табыс жүрген шығынды өтейді.

Сағынбай ЖАМАНОВ,

жеке кәсіпкер,

такси жүргізушісі

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT