Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Сағыз» – чемпион атанды

«Сағыз» сөйлемей-ақ күлдіреді». Бұл аудандық «Қызылқоға» газетіне әзілдің ортасында жүрген «Сағыз» құрамасы жайлы жазылған мақалалардың бірі болатын.

Онда команда капитаны Ернар Сакупов «Біз қазіргі таңда Көңілді тапқырлар алаңында (КТА) чемпион болуды көздеп отырмыз» деген болатын. Иә, шын мәнінде, 2009 жылы Жайдарман ойындарына алғаш қатысқан «Сағыз» құрамасының өзіндік стилі көптің назарын аудартты. Ал, бүгінде көңілді тапқырлар алаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Жайдарман ойынында және көңілді тапқырлар алаңында «Сағыз» құрамасы бард-әнші Табылды Досымовтың «Сәйгүлік» әнімен сахнаға шыққанының өзі барша жұрттың қолдауын туғызды. Осы орайда, «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасының ақтық кезеңінде «Сағыз» құрамасы бас жүлде иелеріне берілетін кубок пен бір жарым миллион теңгені иеленді.

Ал аталмыш команда капитаны Ернар Сакупов «Үздік ойыншы» атанды. Негізінде, бұл қорытынды жарыста «Тек қана қыздар» (Алматы), «Жерұйық» (Атырау), «Арман қала» (Жетісай), «Сағыз» (Атырау облысы) және «Қармақшы» (Қызылорда облысы) командалары сынға түсті. Нәтижесінде, атыраулық «Жерұйық» командасы екінші орынды, алматылық «Тек қана қыздар» командасы үшінші орынды иемденді.

Әркез астарлы әзілдерімен ойын өрнегін көрсеткен жігіттердің жайдарман ойынында жеңіске жете алмағанымен, көңілді тапқырлар алаңында өз әзілдерін шебер жеткізе білді. Әрине, жеңіске жетуі үшін команда құрамындағы ойыншылардың әзілмен біте қайнасуы, әртістік шеберліктері және сахнада өздерін еркін ұстауы айрықша әсер етті. Атап айтсақ, команда да Ернар Сакупов, Дамир Мырзагереев, Жасұлан Сапаров, Қуаныш Кеңесов, Ерқанат Рзашев, Азамат Қадыров, Жандос Қабатов, Қуантқан Нұржанов, Амандос Жиғанбаев, Нұрбек Рахымғали, Алжар Ғазиз, Жалғас Қабдолов, Бексұлтан Аққозиев, Айдана Ижапқұлова, Ләззат Айтбаевалар ерекше ойын өрнегін көрсете білді. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша 2009 жылы «Құлсары» командасы республикалық жоғарғы лига ойындарының чемпионы болғанын ескерсек, бұл чемпиондықты «Сағыз» құрамасы қайта жаңғыртты десе болғандай.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521