Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сақтық шараларын ұмытпайық!

Жақында Б.Аманшин атындағы орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен «Оқушылардың жазғы тынығу және сауықтыру демалысын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинарға аудандағы барлық орта мектептердегі балалардың жазғы лагеріне жауапты қызметкерлер қатысты. Семинарды  аудандық білім бөлімінің бас маманы Бақтыгүл Нұғманова ашып, оның мақсаты мен маңыздылығын түсіндірген соң аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Дастан Әділхан «Жаз мезгіліндегі су, өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында хабарлама жасады.

Хабарламашының айтуынша, алдымен жазғы демалыс ғимараттары өрт сөндіру құралдарымен толықтай қамтылып, жауапты қызметкер тағайындалуы тиіс. Әр демалыс лагерінде түнгі кезекшілікте кемінде екі адам түнгі кезекшілікте болып, олар телефонмен қамтамасыз етілуі, лагердегі демалып жатқан балалардың санын білуі шарт. Егер ғимараттарда немесе лагерь аумағында өрт пайда болған жағдайда олар 102 нөмеріне телефон соғып, балаларды эвакуциялау жоспарымен қауіпсіз жерге шығаруы қажет. Лагерь басшылығы тәрбиелеушілермен, медицина және күту қызметкерлері құрамымен өрт қауіпсіздік ережелерін үйреніп, ғимараттарда пиротехникалық бұйымдар мен тұтанғыш, жанғыш сұйықтықтарды және басқа да өртенгіш заттарды сақтауға жол бермеуі керек. Лагерь аумағында, ғимараттарда, жалпы арнайы орындардан басқа жерлерде алау жағуға, қоқыс өртеуге, отшашуларды атуға тыйым салынады. Сондай-ақ, суға шомылу кезінде де сақтық шаралары ұмытылмай, әр бала қызметкерлердің назарында болған жөн. Егер, жазатайым оқыс оқиға болып жатса, суға батқан баланы құтқарып, оның жүрек соғысын, тамыр соғысын, демалуын тексеріп, егер бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Жалпы, демалыс лагері басталғанда оқушыларға ең бірінші қауіпсіздік шаралары түсіндірілуі тиіс.

d8912dca-cddc-4a7a-9ff7-5167e3472f8e

Ал, «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиололиялық талаптар және жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында хабарлама жасаған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, оқушыларды медициналық байқаудан өткен кезде сауықтыруды қажет ететін балалар анықталды. Сол балалар жаңа оқу жылына дейін сауықтырылып келуі керек. Сондықтан олар лагерьде назардан тыс қалмағаны абзал. Сондай-ақ, балалардың тамақтандырылуын, беріліп жатқан тамақтың сапасын бақылаған жөн.

Сонымен қатар, семинарда аудандық орталық аурухананың профилактика және психоәлеуметтік бөлімінің меңгерушісі Эльмира  Нүсіпова «Мектеп жанындағы және сауықтыру лагеріне оқушыларды қабылдауда медбикенің атқаратын қызметтері» тақырыбында хабарлама жасап, лагерьлердегі жазғы демалыс кезінде медбикелердің атқаратын жұмыстары мен міндеттері туралы түсіндіріп өтті.

Семинарға қатысқан әр мектептердегі лагерь басшылары, психолог мамандар, медициналық қызметкерлердің қойған сауалдарына сала басшылары жауап берді.

 

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT