Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыда «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 11 шақырым жол құрылыс жұмыстары жүруде

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев «Қызылқоға ауданының 2022 жылғы 5 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

- Өткен жылы жұмыстары басталған жол құрылысындағы 6 жоба биыл да жалғасын табады. Осы тұрғыда Миялы ауылында «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында11 шақырым жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыс жоспарына сәйкес астыңғы жабындылары толық төселіп, беткі қабатының төсеу жұмысы осы айда басталады деп күтілуде, деді Н.Бисембиев.

Сонымен қатар аудан әкімі Сағыз ауылынан 21,8 шақырымды құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып жатқандығын, соның ішінде биыл пайдалануға берілетіні 15 шақырым жол екендігін айтты. Ал, Мұқыр ауылындағы бұдан бұрын басталған 4,7 шақырым жол құрылысын толыққанды аяқтау үшін қаражат бөлінгенін, жобаны биыл толықтай аяқтау жоспарлануда екенін жеткізді.

Брифингте Н.Бисембиев Тайсойған-Миялы ауылдарын байланыстыру үшін автомобиль жолының құрылысының жобасы жасақталуда екенін атап өтті. Бұдан бөлек Ақтөбе облысына қарасты Ойыл ауданының Шұбарши ауылы мен Миялы ауылы аралығындағы 18,5 шақырым болатын жолға жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда екені айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT