Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев "Қызылқоға ауданының 2022 жылғы 5 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары" туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.
- Бұған дейін Мұқыр, Кенбай және Жантерек ауылдарындағы энергодиспетчер мекемесінің теңгерімінде тұрған электр желілерінің тозығы жетіп, ауыл тұрғындарына жеткілікті деңгейде электр көзін жеткізе алмай келген. Бұл мәселені жою үшін облыстық бюджеттен биыл қаражат бөлініп, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылып, мердігер мекеме анықталды. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталады деп күтілуде, деді Н.Бисембиев.
Аудан әкімінің айтуынша, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында жасақталып жатқан Сағыз ауылында көше жарық шамдарын қамтасыз ету, жаяу жүргіншілер жолымен бірге биыл аяқталады. Ал, 3-ші ауылдың электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Қазіргі таңда жеке тұрғын үйлерді электр қуатымен қамтасыз ету толыққанды аяқталды. 1-ші және 2-ші ауылдардағы электр желілерін жаңғырту үшін жоба жасақталды.
Сондай-ақ, Миялы ауылындағы 18,5 шақырым электр желілері қайта жаңғыртыртылды. Ал, Мұқыр, Тасқұдық, Тасшағыл ауылдарын көше жарықтарымен қамтамасыз ету үшін конкурс ұйымдастырылуда.