Республика күнін мерекелеу аясында «Жанашыр жүрек» халықтық акциясы жүргізілуде. Адам баласының жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілдік пен мейірімділік. Аталмыш акцияс аясында облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен «Ал-Адият сенсорлық ойын» бөлмесінің қолдауымен балаларға тегін қызмет көрсетілді. Оған көпбалалы отбасы балалары келіп, ойнады. Келген бүлдіршіндерге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жарқылгүл Сәрсенова тәттілер салынған қоржын таратып, қызықты ойын ұйымдастырды.
«Бүгінгі шараны ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімінің ұжымына алғысымды білдіремін. Өзім бесбаланың анасы болғасын, үнемі әкеліп ойнатуға қаржым жетпей қалатыны жасырын емес. Бүгін осы ойын-сауыққа шақырту алып, екі баламды алып келдім. Балаларым ойнап мәз болды. Осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді» дейді көпбалалы ана Какима Балабаева.
Әркез бүлдіршіндердің жүзінен күлкі кетпей, ойнап, мәз болып жүре бергей.
Кәмшат ӘБІШ