Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Жақында ғана Үндістан елінің Нью-Дели қаласында кір тасын көтеруден өткен Әлем чемпионатында +95 келі салмақта сынға түсіп, алтыннан алқа таққан Ришат Ғалиахметов бүгін туған жеріне келді.

Әлемнің 13 мемлекеті қатысқан байрақты бәсекеде өз салмағы бойынша топ жарған спортшыны Миялы ауылының шетінен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гаухар Құрманғазиева, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен шәкірттері құрметпен күтіп алды. Қарсы алушылар дүбірлі додада еліміздің көк байрағын желбіретіп, қазақ ұлтының намысын абыроймен қорғаған әлем чемпионына ақ пен бауырсақ ұсынып, құттықтау лебіздерін білдірді. Өз кезегінде құрмет пен қошеметке ризашылығын білдірген Ришат Ғалиахметов оларға жарыс жайлы қысқаша айтып берді. Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT