Республикалық референдумды ұйымдастыру ҚР Орталық референдум комиссиясының бекіткен календарлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.
Өңірде 1 аумақтық, 21 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 132 комиссия мүшелері бар.
Өңірде 21 референдум учаскелерінің ішінде жабық учаскелер (ауруханалар, уақытша қамау орны, әскери бөлімше) жоқ.
Ауданда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 18457 азамат тіркелген.
Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда.
Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландыру жасалып, олардың мекенжайларына таратылды. Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.
Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді.
Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастырылды.
Ақпараттық ресурстарда:
https://www.gov.kz/referendum; https://referendum.gov.kz/; https://referendum2022.gov.kz/, http://sailau.atyrau.gov.kz/ азаматтарды тізімнен іздеу бойынша қызметі енгізілді. Аталған мақсатта арнайы Telegrambot @sailauAtyrauBot ашылды.
Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін бірыңғай 109 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылуда.
Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген (урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондар, т.б.).
Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды.
21 референдум учаскелерінің 18-інде пандустар бар (3 учаске пандустарды талап етпейді). Барлық учаскелер тактильдік белгілер, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілді.
Аудан орталығында 2 инватакси қызметі ұйымдастырылады.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарға учаскелік комиссиялар тартылады.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың басым көпшілігі Мұқыр, Сағыз ауылдарында бар.
Ауданда референдум комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды.
Учаскелердің референдумды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар алынып жатыр.
Қызылқоға аудандық аумақтық референдум комиссиясы