Реформалар еліміздің болашағын айқындайтын қадам.
Дәл бүгін Жангелдин ауылдық округінде таңертеңгі сағат 7:00 ден бастап, ауыл тұрғындары өз дауыстарын берді. Әрине ауыл халқы өз ұрпақтарының болашағы үшін еліміздегі әр өзгеріс үлкен маңызға ие екендігін алға тартты. Олардың ішінде, 30 жыл отасқан Қайрат Сәлімгереев пен Зоя Салықова да бар.
- Бүгінгі күніміз өте жақсы деңгейде екені көңілге медеу. Ал, сол деңгейді жасайтын қоғамның негізгі қозғаушы күші ол біз халық. Отағасы екеуміз кешеден референдумға дауыс беруді арнайы ауыл тұрғыны ретінде өзімізге міндет еткенбіз. Сондықтан да ертемен «Жангелдин» мәдениет үйіне келіп, өз дауысымызды бердік, - деді ардагер ұстаз Зоя Салықова.
Нұрсәуле Жауынбаева