Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі" атты жолдауында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі бола түсуде. Сыбайлас жемқорлықтың себептеріне көп көңіл бөлініп, алдын алу жұмыстары жүргізуі тиіс",- деген болатын.
Атырау облысында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою саясатын қалыптастыру, халыққа қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында "Qyzylkoga – adaldyq alańy" жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Оның негізгі басты міндеті, халықтың өзекті проблемаларын шешуге жедел ден қою және азаматтардың құқықтарын іске асыруда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жобалық кеңсемен 20-ға жуық іс-шара өткізілді. Жобалық кеңсенің негізгі басым бағыттарының бірі- мониторинг. Мониторинг тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, 2021 жылдың басынан бастап келесі бағыттар бойынша 9 мониторинг жүргізілді: дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің шекті бағалары, "сервистік әкімдіктер" және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ХҚКО, полиция бөлімі, аурухана асханасы, балалар ойын алаңдары және т. б. Жүргізілген қоғамдық бақылаулар аясында, аудандық аурухана, балалар ойын алаңдары секілді қоғамдық орындардан анықталған кемшіліктерге ұсыныстар айтылып, мәселе дер кезінде шешімін таба білді.
Айта кету қажет, бүгінгі күнге дейін жоба аясында фейсбук әлеуметтік желісіне 20 өтініш, ватсап желісіне 15 өтініш келіп түсіп, мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, «Қызылқоға– адалдық алаңы» жобасының шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Олардың ішінде бюджет қаражатын үнемдеу бойынша оңтайландыру; жалған медициналық анықтама жасауды қадағалау, мониторинг жүргізу, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдау секілді жұмыстар өз жалғасын табуда. Азаматтарға құқықтық кеңес беру, жергілікті әкімдік, тұрғындар мәселесін тыңдап сауалдарына жауап беру мақсатында «Адал көмек» жобасы аясында округ әкімдері, мекеме және дербес бөлім басшыларымен 33 рет және «Ашық бюджет» жобасы аясында «Мекемеге 2020 жылғы бөлінген бюджет қаржысы және оның игерілуі» тақырыбында 13 рет тікелей эфирлер өткізілді.
Тұрғындармен ашық алаң қалыптастыру, сауалдарына тұшымды жауап беру арқылы мемлекеттік орган мен халық арасында байланысты орнатуды көздеген тікелей эфирде әрбір басшының қоғам алдындағы ашықтықтары сөз болды. Бұл іс – шаралар және жалпы ауданымыздағы " Qyzylkoga -adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты танымал етуге, мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге барынша ықпал ететініне сенімдімін.
Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВ
Жобалық кеңсе кураторы