Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Пошта жәшігін қондырған дұрыс

Бүгінгі таңда аудан бойынша 11 117 дана газет-журнал таратылады. Бұған қоса, мекемелер, жеке тұлғаларға келетін хат-хабарды тасып жеткізуде «Қазпочта» АҚ аудандық бөлімшесінің атқарып отырған қызметі зор.

Алайда, пошта қызметкерлерінің жұмысын тиянақты орындап отыруға түрлі кедергілер кездесіп, халықтың тарапынан орынсыз сын-ескертпелер айтылып жататыны бар. Сондықтан, тұрғындар үйлерінің қақпа сыртына пошта жәшігін ілулері керек. Ал, ол болмаған жағдайда хат тасушылар газет-журналды есікке қыстырып кетуге мәжбүр.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй иелерінің ит ұстау ережесін орындамау салдарынан хат тасушылар итке қабылуы ғажап емес. Осы орайда, тұрғын үй иелерінен иттерін байлап немесе заңдылықтар мен ережелерге сай ұстағаны жөн. Ендеше, барлық аудан тұрғындары жоғарыда айтқан мәселелерді ескеріп, түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз.

Роман Кәдірғалиев,

аудандық пошта байланыс торабының бастығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT