Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Патриоттық рух жастарға үлгі

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін екі жылдан соң Тәжікстан мемлекетінде азамат соғысы басталып, әлі аяғынан нық тұрып кетпеген тәжік шекарасы арқылы Ауғанстан моджазедтері контарбандалық жолмен есірткі тасымалын күшейтті.

Сол кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы мемлекеттермен бірге қазақ елі де тәжік халқына қол ұшын беріп, тәжік-ауған шекарасын күзетуге сарбаздарын аттандырды. Сегіз жыл көршілес мемлекеттің шекарасын күзеткен қазақ сарбаздары 2001 жылдың 8 ақпаны күні елге қайтарылды. Осыған орай сейсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев бір топ тәжік-ауған соғысының ардагерлерін қабылдады. – Бейбіт заманда әскерге шақырылған сіздер соғыс өрті тұтанған көршілес елдің тыныштығын күзетіп, қазақ сарбазы деген атқа дақ түсірмедіңіздер. Сіздердің бұл ерліктеріңіз қазіргі жастарға үлгі болатыны сөзсіз. Сондықтан сіздер сияқты аға буын өкілдерінің ерлігін насихаттайтын уақыт келді, - деген аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев тәжік-ауған соғысының ардагерлері Жасұлан Тілеубеков, Бисенғали Матеуов, Амангелді Тобағұловтарды «Қазбат» жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жауынгерлік іс-қимылдар ардагері» медалімен марапаттап, тәжік-ауған соғысына қатысушы куәлігін табыс етті. Сондай-ақ, жиында қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Анарбек Муталяпов Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпағын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне белсене қатысып, зор үлес қосқаны үшін аталмыш қоғамдық бірлестіктің алғыс хатына ие болды. Жиында сөз сөйлеген қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров пен тәжік-ауған соғысының адагері Ертай Жұмабаев аудан әкімдігі тарапынан көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, тәжік-ауған соғысына қатысушыларға ескерткіш тақта орнатылса деген ұсыныстарын жеткізді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT