Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыдағы өрт сөндіру депосының құрылысы мамырда аяқталады

өрт сөндіру депосы
өрт сөндіру депосы

Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауданда өрт сөндіру депосын салу көптен көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі болған. Өйткені аудан орталығы бола тұра мұнда осыған дейін аталған депо болмаған еді. Осыған орай Миялы ауылындағы екі автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы қолға алынып отыр. 525 млн теңге қаржыға салынып жатқан нысанның жалпы жер аумағы 1 гектар. 

-Құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеме «СұңқарҚұрылысЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі кезде аумағы уақытша қоршалған. Котлаван қазылып, сыртқы электр желісі жүргізілді,- деді Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов. 

Оның сөзінше, мұнда тұрақ, байланыс пункті, оқыту, сондай-ақ кезекшілер тынығатын бөлмелер, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары және құралдар-жабдықтар қоймасы қарастырылатын болады.  

Айта кетейік, қазіргі уақтты аталған құрылыста 10 қызметкер еңбек етуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT