Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘРІПТЕСІМІЗ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

лауазымды қызмет

Биыл шыға бастағанына 70 жыл болған аудандық «Қызықоға» газеті талай мықты мамандарды түлетіп ұшырған алтын ұя. Алғашқы еңбек жолын газеттен бастап бүгінде жоғары лауазымды қызметте жүрген әріптестеріміз аз емес. Солардың бірі – газеттің шыққанына тура 70 жыл толған 31 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалған Ерболат Иғали.

Аудан әкімінің 27 қаңтардағы №22 өкімімен  аталмыш қызметке тағайындалған ол 1980 жылы Жасқайрат ауылында дүниеге келіп, алғашқы еңбек жолын 2002 жылы аудандық «Қызылқоға» газетінде тілшіліктен бастап, І санатты маманға дейін көтерілген.  2005 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, әр жылдары Ойыл ауылдық округінің әкімі аппаратында бас маман, Ойыл ауылдық округінің әкімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Миялы ауылдық округінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болды. Білім жоғары. Сейсенбі күні аудан әкімі Қанат Әзмұханов өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521