Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыста аз қамтылған 822 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді

Атырау облысында аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған кешенді әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда.

Биыл 1 қарашаға дейін 822 отбасындағы 4869 адамға 451,5 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымовтың айтуынша, бұл көмек екі негізгі бағытта жүзеге асырылған.

Шартты ақшалай көмек 601 отбасындағы 3 789 адамға берілсе, шартсыз ақшалай көмекті 227 отбасындағы 1 117 адам алды. Сонымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1 356 балаға 59,1 млн. теңге қосымша төлем тағайындалған. Бұл балалардың дамуы мен денсаулығын қолдау мақсатында маңызды қадам.

-Тұрғын үй қатынастары туралы заң аясында аз қамтылған отбасылардың коммуналдық қызмет шығындарын өтеу мақсатында да қолдау бар, осы бағытта 241 отбасына 9,3 млн. теңге көмек көрсетілді. Бұл сома жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Мұндай қолдау шаралары аз қамтылған отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсартып, олардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Атырау облысында әлеуметтік көмек бағдарламалары алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді Еркебұлан Нұрланұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT