Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штабы ашылды

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында партияның сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті.

Онда сөз сөйлеген аумақтық сайлауалды штабтың басшысы Толқын Бейсқали:

– Күні кеше сағат 18.00-де Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі, мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанының үгіт-насихат жұмысы басталды. Біздің штаб сайлау науқанына толық дайын. Ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар дайындалды. Аумақтық сайлау комиссиясында біздің 24 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз». Бұл – жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану, - деді.

Бұдан кейін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалытөрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов аудандық партия тізіміне енгізілген партия мүшелерінің тізімімен таныстырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT