Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛДАҒЫ САЙЛАУ НАУҚАНЫНДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 9 МӘСЛИХАТТЫҢ 141 ДЕПУТАТЫ САЙЛАУҒА ТҮСЕДІ

Алдағы сайлау науқанында Атырау облысында 9 мәслихаттың 141 депутаты сайлануға тиіс.

Олардың ішінде: облыстық мәслихаттың 31 депутаты, Атырау қалалық мәслихатында 24 депутат, аудандардың 7 мәслихатында 86 депутат бар.

Кезекті сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарын ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-де аяқталды.

Мәслихаттарға партиялық тізімдерді тіркеу 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталды.

Атырау облысының сайлау комиссияларына 5 саяси партиядан 35 партиялық тізімдер (334 кандидат) ұсынылды.

Олардың ішінде:

«Nur Otan» партиясының 9 тізімінде 249 кандидат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 5 тізімінде 18 кандидат;

«Ақ Жол» демократиялық партиясының 9 тізімінде 38 кандидат;

9-ы – «ADAL» саяси партиясынан (19 кандидат);

3-уі – Қазақстан халық партиясынан (10 кандидат) бар.

Орташа бәсекелестік – 1 орынға 2,4 адамды құрады.

Облыстық мәслихатқа ұсынылған 4 саяси партия тізімдерінің ішінде 62 кандидат;

Атырау қаласы мәслихатына ұсынылған 4 саяси партия тізімдерінің ішінде 49 кандидат;

Аудандық мәслихаттарға ұсынылған 27 саяси партиялар тізімдерінің ішінде 223 кандидаттар бар.

Саяси партиялармен тиісті құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес ұсынылды.

Партиялық тізімдерде әйелдер мен 29-жасқа толмағандардың саны – 146 адам, яғни 30-пайыздық квота сақталынды.

Кандидаттардың арасында ең жасы – 20-да «ADAL» саяси партиясының өкілі.

Сайлау комиссиялары тиісті уәкілетті органдармен бірлесіп партиялық тізімдерде енгізілгендердің Конституцияға және Конституциялық Заңның талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырды.

Атырау қалалық мәслихатына Қазақстан халық партиясынан ұсынылған партиялық тізімнен 1 кандидаттың өтінішіне сәйкес оны тізімнен алып тастау туралы шешім қабылданды.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияға және Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келеді.

Конституциялық Заңға сәйкес, барлық саяси партиялармен сайлау жарналары енгізілді.

Тіркелген партиялық тізімдер ішінде (333 кандидаттар):

«Nur Otan» партиясының 9 тізімінде – (249 кандидат);

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 5 тізімінде – 18 кандидат;

«Ақ Жол» демократиялық партиясының 9 тізімінде – 38 кандидат;

«ADAL» саяси партиясының 9 тізімінде – 19 кандидат;

Қазақстан халық партиясының 3 тізімде – 9 кандидат бар.

Партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер кандидат пен оның жұбайы жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Сонымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына партиялық тізімдер бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хабарлар atyrau.gov.kz интернет сайтының «сайлау» бөлімінде жарияланған.

Ұсыну мен тіркеу кезеңінде арыз-шағымдар түскен жоқ.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT