6 наурыздан 7 наурызға қараған түні нөсерлете жауған жаңбырмен жедел түрде еріген қардың салдарынан Миялы ауылдық округінде судың деңгейі көтеріліп, ауылішілік су басу қаупі туындауда.
Бұл ретте, Қызылқоға ауданы әкімдігі тарапынан жедел жұмыстар ұйымдастырылып, бірінші кезекте үйлерін су басқан үйлерді судан құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Миялы ауылында 4 вакуум, 6 мотопомпа, 5 камаз, 2 погрузщик және тағы да басқа техникалар қалтқысыз қызмет етуде. Сондай-ақ, Сағыз ауылының ішімен өтетін Ноғайты өзені өз арнасын толық толтырып ағып жатыр. Оған да кеше және түнімен жауған жауын себеп болды. Өзен жағалауында 80-нің үстінде азамат жұмылдырылған.Ноғайты өзенінде су деңгейі төмендеп келеді. Ал Сағыз өзенінде ағыс жәйлап бәсеңдеуде. Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан өз үйлері мен қора-жайларын судан қорғау үшін қапшыққа құм толтырып, су кіріп кетпеу қаупін алдын алуларын сұраймыз. Барша ауыл тұрғындарын сабырлық сақтап, аз ғана қиындықты бірлесе жеңуге шақырамыз!